Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  71 | 72 | 73 | 74 | 75  >  >>

ресурстар нақты мақсаттарға бөлінеді. Бюджет сыныптамасы мемлекеттің шығындарының экономикалық талдауға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Бюджеттің экономикалық құрылымы, экономикалық сипаттамаға сәйкесті барлық шығындары шектеледі: мына түсімдерден 1-ші кірістер, алдын ала бюджеттен берілетін несиелер, негізгі қарыздарды жабуға ресми трансферттер; 2-ші несиелер, шығындар; 3-ші бюджет артықшылығы және тапшылығы; 4-ші бюджет тапшылығын қаржыландыру (артықшылықты пайдалану). Республикалық бюджет шығынының ішінде маңызды орынды мемлекеттің ішкі және сыртқы қарызына ағымдағы қызмет көрсету алады. Ол мемлекеттік несиені бюджет тапшылығын жабуға пайдаланғанда көрінеді. Бюджетке түсімдер 4 бөлік бойынша сыныпталады:
санат (категория)
сынып (класс)
ішкі сынып (подкласс)
ерекшелік (специфика)
Санатқа мыналар жатады: салықтық түсімдер, бюджеттен берілетін несиені жабу көздері, алынған ресми трансферттер, капиталмен жүргізілетін операциялар мен кірістер, жалпы қаржыландыру, бюджет қаражаттарының қалдық құнының қозғалысы.
Сынып салық топтарын біріктіреді.
Ішкі сынып салық түрлерінен тұрады.
Ерекшелік нақты төлеуші немесе салық объектісінен тұрады.
Бюджет шығындарында функционалдық, экономикалық, ведомстволық сыныптамалар қарастырылады.
Бюджеттің функционалдық сыныптамасы бес құрылымдық ерекшеліктеріне бөлінеді:
1. функционалдық топ;
ішкі функция;
мемлекеттік мекеме, яғни бағдарлама әкімшілігі (администратор);
бағдарлама;
ішкі бағдарлама.
Бюджет шығындарының экономикалық сыныптамасы экономикалық белгісіне сәйкес төрт ерекшелік құрылымына бөлінеді:
1. санат;
2. сынып;
3. ішкі сынып;
4. ерекшелік.
Санатқа мыналар жатады:
ағымдағы шығындар;
капиталдық шығындар;
несие беру;
қаржыландыру

Страницы: <<  <  71 | 72 | 73 | 74 | 75  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: