ылығын жабудың негізгі нысаны болып мемлекеттік бережақтың қалыптасуы, оның формасымен көлемі бюджетті бекіткенде, шығын бөлігін қысқартқанда анықталады.
Жергілікті бюджетті бекіту және құрастыру тәртібі сәйкес ұсынушы және атқарушы органдармен анықталады, ал оның атқарылуы маслихат депутат жиналысында бекітеді. 23
Бюджет жүйесін құрастыру ұстамдары және ұйымдастыру жеке топтармен өзара байланысы бюджетті құрастыру деп аталады. ҚР-ның бюджет жүйесі 2 топтан тұрады:
1) республикалық бюджет;
2) жергілікті бюджет (облыстық, Астана және Алматы қалалық бюджеттері, аудандық және қалалық);
Нақты кезеңдегі ҚР-ның бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттен тұрады.
ҚР-ның мемлекеттік бюджеті
Республикалық бюджет Жергілікті бюджет
Облыстық бюджет Республикаға бағынышты қалалық бюджет (Астана, Алматы)
Облыстық Облысқа Аудандық
бюджеттер бағынышты бюджеттер Облысқа бағынышты
қалалық аудандық бюджеттер
бюджет
8- сурет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Шаруашылық субъектінің қаржылық ресурстары бұл органның бюджет құрамына енгізілмейді. ҚР-ның территориясында орналасқан іс-әрекетін жүзеге асырушы шаруашылық субъектілері меншік нысанына қарамастан заңды және жеке тұлғалар салықтар мен алымдарды сәйкес бюджеттерге төлейді.
Мемлекеттік бюджеттің құрастырылуы және атқарылуы бюджет сыныптамасына негізделеді, яғни мемлекеттік іс-әрекеттің мақсатты бағыты анықталады және мемлекеттің негізгі функциясы жүзеге асырылады. Ұдайы өндіріс процесіндегі бюджет шығындары ағымдағы (ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандыру) және капиталдық (инвестициялық қажеттілік және запастардың өсімі) деп бөлінеді. Бюджет сыныптамасы қаржылық ресурстардың адрестік бөлінуін қамтиды және республикалық бюджеттен қаржылық
Страницы: << < 70 | 71 | 72 | 73 | 74 > >>