Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  68 | 69 | 70 | 71 | 72  >  >>

қ сақтауды басқару;
Құқықты қорғау органдары мен қорғаныс комитетін басқару.
Қалалық, облыстық, қаржылық басқару органдарының құрылымы төмендегідей:
басшылық (бөлім бастығы, меңгеруші, орынбасары)
кадр бөлімі
бюджет бөлімі
бюджет қаражатының атқарылуын бақылау бөлімі
денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру бөлімі
жергілікті бюджетті атқару бөлімі
табыстарды жоспарлау бөлімі
өндірістік және өндірістік емес саланы қаржыландыру бөлімі
басқару аппараты органдарын қаржыландыру бөлімі
қаржыландыру органдарын қаржыландыру бөлімі.
Облыстық қаржылық бөлімі облыстың шаруашылық мамандарының ерекшелігіне сәйкесті, аграрлық секторды қосады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы мемлекеттің құрылысына, аумақтық әкімшілік бөлінісіне, экономикалық даму деңгейіне және нақты мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді. әртүрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінде саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Мемлекет құрылуы федералды және унитарлы болуы мүмкін. Бірінші жағдайда үш буын бюджеттік жүйе қолданылады, олар: орталық бюджет, федерация мүшелерінің бюджетттері және жергілікті бюджеттер. Бюджеттің құрылуы мемлекеттің құрылуымен анықталады.
Бюджет жүйесі өз алдына белгілі бір механизм, қаржылық қатынастардың күрделі кешені және экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді құралы, сондықтан да бюджетаралық қатынастар саласындағы өзгерістерді оңтайлы түрде басқару қажеттілігі туады

Страницы: <<  <  68 | 69 | 70 | 71 | 72  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: