ылымдық жағынан қайта құруға, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге ықпал ететін маңызды құрал бола бастаған мемлекеттік қаржының ролі артты. Буржуазиялық мемлекеттің әлеуметтік стратегиясын жүзеге асыруда қаржыны пайдалану ұлғайды.
Қаржы анықтамасы қазіргі буржуазиялық қоғам қаржы көрінісінің белгілері жиынтығынан құралады.
Мемлекеттік қаржының мемлекетке көрсететін өз қызметін жүзеге асыру үшін ақша қорларын қалыптастыру мақсатына, жалпы қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу, тұтыну процесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды түсінуге болады. Бұл жерде ұлттық табысты қайта бөлу болып табылатын жалпы қоғамдық өнімді екінші рет бөлу мемлекеттің саяси әдістерімен жүзеге асырылады және оны еңбеккерлердің қосымша пайдалануын көрсетеді. Мемлекет халықтың жалақысы мен басқа да табыстарының бір бөлігін иеленеді. Жалпы қоғамдық өнімнің бастапқы бөлінуі туралы айтсақ, ол мемлекет өндіріс құралының иеленушісі және алғашқы пайдалануға қатысушы ретінде құрылатын бөлігіне жатады. Бұл жағдайда мемлекет қосымша құнды бірден иеленеді.
Шет мемлекеттердегі қаржынының мәні, экономикалық табиғаты, мақсаты, оның қызметтерінен көрінеді. Мемлекеттік-монополистік капитал, мақсаты, буржуазиялық мемлекет, монополиялар үстемдігінің жаңа формалары ролінің күшеюі жағдайында, қаржы функциялары белгілі бір өзгерістерге ұшырады. Маңызды қызметтер қатарына мыналарды: мемлекет өмірін қамтамасыз ету қызметі, бөлу, бақылау қызметтері жатады.
Бөлу қызметі. Мемлекет өз иелігіне жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін ақшалай нысанда шоғырландыра отырып, қаржы көмегімен оны бөлу және тұтынуды жүзеге асырады. Бұл ірі капитал мүддесіне жеке кластар арасында, кластар ішінде, әр түрлі материалдық өндіріс салалары және кейбір қызмет түрлері арасында жүреді. Әр түрлі қорлар: 1) мемлекет
Страницы: << < 29 | 30 | 31 | 32 | 33 > >>