Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымын дамыту және жетілдіру жолдары

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>

н көрсететін және қоғамның ақша қатынастарының елеулі бөлігін қамтитын қаржы бір жағынан мемлекеттік қаржыны, екініші жағынан жеке кәсіпорындар, корпорациялар, монополиялар қаржыларын қамтиды.
Мемлекеттік қаржы мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлуімен, сондай-ақ жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін болуымен байланысты экономикалық қатынастардың ерекше саласы екендігін білдіреді. Олардың материалдық мазмұны мемлекеттік және жергілікті бюджеттерде, арнайы қорларда, мемлекеттік кәсіпорындар қаржыларында көрінеді. Олар кәсіпорынның ақша кпиталы, әртүрлі ақша қорлары түрінде байқалады.
Кәсіпорынның капиталдың жеке ауыспалы айналысы негізінде қызмет етуіне байланысты бұл ақша қорлары ерекшеленген, орталықсызданған сипат алады. Бұл жағдайда мемлекет жеке кәсіпорындар қаржыларымен тікелей байланыста болады. Олар мемлекеттік бюджетке төлем алу, амортизациялық қор құру, несиелік қатынастарды саралау, мемлкеттік субсидиялар ұсыну нысанында көрінеді.
Жеке кәсіпорындар материалдық өндірістің көп бөлігін құрайды, олардың үлесіне жиыньық қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың басым бөлігі келеді. Мемлкет осы кәсіпорындар қызметін ынталандыру, сондай-ақ ғылыми ғылыми-техникалық прогрестігі жеделдетумен, резерв құрумен, жұмыскерлер біліктілігін көтерумен байланысты ақша қорларының өсуі үшін әр түрлі қаржылық әдістер қолданады. Мемлекет пайдаға салық салудың жеңілдікті режимін жасап, пайданы амортизациялық «киіндіруге» мүмкіндік беретіндей, жеделдетілген амортизация жүйесін бекітеді, бірқатар жағдайда бюдеттік несиелерді, қаржылық жеке кәсіпорындар өз төлемдері арқылы мемлекеттік бюджеттің және басқа да мемлекеттік қорлардың табыстық негізін қалыптастыруға қатысады.
Егер мемлекеттік қаржылар мемлекеттің құрылуы және тауар—ақша қатынастары дамуы арқасында пайда болса

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: