у режимін қатаңдандыру қажет.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті, оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.
Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы
Қаржы тарихи сипатқа ие. «Ақшалай төлем» мағынасымен алғаш рет XIII-XV ғасырларда Италияда кең қолданыла бастады. Бұл кезде Флоренция, Венеция, Генуя тәрізді бірқатар қалалар ірі сауда және банк ісі орталықтары болатын. Бұдан әрі термин халықаралық деңгейге тарады және ақша қатынастары жүйесімен, мемлекеттің өз саяси және экономикалық қызметтерін орындау үшін шоғырландыратын ақша ресурстарын құраумен байланысты түсінік ретінде орындала бастады.
Мемлекеттің құрылуымен бірге қаржының қалыптасуы, оның қызмет етуіне қаражат табу процессі күшейді. Капиталистік формация алдында мемлекеттік табыстар мен шығыстар натуралды сипатта болды. Мемлекеттік қажеттіліктердің көп бөлігі әр түрлі борыштылық және натуралдық алымдар есебінен қанағаттандырылды.
Феодалдық құрылыстың күйреуімен, оның аясында капиталистік өндіріс әдісінің дамуымен бірге мемлекеттік табыстар мен шығыстардың мәні арта бастады; Тауар-ақша қатынастары аясының кеңеюі, мемлекеттік қызметтердің көбейіп күрделенуі бұл процесті ұлғайтты. Мемлекеттік қазынаның жеке билеушісінің кассасы мен қабілетінен бөлінуі негізінде мемлекеттік қаржы, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік несие түсініктері пайда болды. Нарықтық экономика жағдайында тауар-ақша қатынастары анағұрлым кең дамыды. Ол қоғамдық шаруашылықтың барлық салалары мен қызметтеріне қатысады. Өз кезегінде құн қозғалысы
Страницы: << < 25 | 26 | 27 | 28 | 29 > >>