«Айымжан орта мектебі» КММ
Тақырыбы: «ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы»
Тарих пәнінің мұғалімі:
Жамантиков Д. М.
2013 жыл
Орта ғасыр тарихы. 11 сынып
Пән мұғалімі: Жамантиков Дархан Маратұлы
Сабақтың тақырыбы: ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан мәдениетінің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: - Оқушыларды ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетімен, діни наным-сенімдерімен таныстыру;
Дамытушылық: -Орта ғасырлардағы Қазақстанның жер аумағында өмір сүрген халықтардың мәдениетімен таныстыра отырып, оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру, танымдық қабілетін дамытып, ізденіске баулу;
Тәрбиелік: - Эстетикалық, адамгершілік, рухани тәрбие беру, өнерге, сұлулыққа деген құштарлықтарын ояту;
Сабақтың түрі: аралас- сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Жобалау, баяндау, сұрақ- жауап, талдау, т. б.
Жұмысты ұйымдастыру түрлері: Ұжымдық, топтық, жекелей жұмыс түрлері.
Сабақтың негізгі ұғымдары: Мәдениет түсінігі. Материалдық мәдениеттің түрлері. Рухани мәдениет- ауыз әдебиеті, жазба әдебиеті, сөздіктер. Музыкалық аспаптар мен шығармалар. Діни наным- сенімдер. Мұсылман діні. Шамандық.
Сабақтың көрнекілігі: орта ғасырдағы Қазақстанның картасы, түрлі -түсті суреттер, тақырыптық слайдтар, қосымша әдебиеттер, т. б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, мақсаты мен жоспарын таныстыру.
Әр топ атын, ұран, эмблемасымен таныстыру.
I топ «Алаш»
II топ «Шежіре»
III топ «Тарих қазынасы»
Үй тапсырмасын тексеру.
Шарты: /Тақтада үш бәйтерек суреті сызылып қойылады. Оқушылар алдында жапырақ бейнесінде парақшалар қойылған. Әрбір дұрыс жауап берген топ жапырақты бәйтерекке жапсырады. Сабақ соңында қай бәйтеректің
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>