оқушыларды ортаға алып кіреді де, көрермендер залына өткізеді )
1- жүргізуші: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
 Өздерінмен жүздесеміз күнде біз. 
 Мақсат ортақ,бейбітшілік ұран боп. 
 Татулықтан бұзылмасын іргеміз,- дей отыра келесі кезекті сұрақтарға береміз. Құрметті оқушылар сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады. 
Қонаққа сұрақтар қойылады. 
2- жүргізуші: Бүгінгі таңда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ұйымдық құрылым ғана емес, ол біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі дей отыра, назарларыңызға 5 "В" сынып оқушысы Жұмабай Шапағаттың орындауында өзбек ұлтының биін ұсынамыз. 
1-жүргізуші: Келесі кезекті 6 "Б" сынып оқушыларының өнеріне берейік, Беларусь ұлтының биі. 
1- жүргізуші: Ассамблея, 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері, 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Сөз кезегін құрметті қонақтарға береміз, сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады. 
2- жүргізуші: Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес. Ортаға корей ұлтының биімен 5 "В" сынып оқушыларын шақырамыз. 
1-жүргізуші: Келесі кезекті Испан елінің биімен 6 "Д" сынып оқушыларын ортаға шақырамыз. 
2 -жүргізуші: Қазақстан халықтары достығы нығайа берсін дей отыра, ортаға үнді биімен 6 "В" сынып оқушыларын шақырамыз. 
1- жүргізуші: Елді бүгін қарасам ,
 Айналам бақыт кең жатыр. 
 Бірімен - бірі туысқан
 Қол ұстасқан ел жатыр,
 Қырғыз, қазақ, өзбектер. 
 Армян, түрік, грузин. 
2- жүргізуші: Орыс пенен Украйн
 Терезесі тең жатыр,
 
		Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>
