Қазақстан – достықтың мекені

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Қазақстан - достықтың мекені" атты мерекелік кездесу кеші
148 мектеп-гимназия директорының
тәрбие ісі орынбасары Ы. Б. Мырзабаева

Мақсаты: Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз, міндетіміз екенін оқушыларға ұғындыра отырып, Қазақстанда мекендеген халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын бірлігін нығайту.
Көрнекілігі: Қазақ үйдің шаңырағы, қанатты сөздер, слайдтар, видеопроектор, ұлттық киімдер.
Фанфар
Би
2 жүргізуші сахнаға шығады.
1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары мен ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіз Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Осындай татулық пен бірліктің мекені еліміз Қазақстан биылғы жылы айтулы тарихи оқиғаларға толы. Атап өтсек, Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Бұл тарихи оқиғалар Республика көлемінде аталып өтілуде. Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында айтылған мәселелер қатарында ерекше көрсетілген бағыттардың бірі - Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға байланысты "Қоғамдық келісімді және тұрақтылықты" әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру мәселесі болып отыр.
2 - жүргізуші: 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
1- жүргізуші: Бұл ешбір елде болмаған ерекше құбылыс, саяси маңызы зор құрылым. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылғанына 20 жылдық мерейтойына орайластырыла өткелі отырған &

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: