quot;Қазақстан - достық мекені" атты кездесу кешімізді бастаймыз.
2 -жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі кездесуіміздің құрметті қонақтарымен танысып өтейік.
Белгілі ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен кұрылған "Мемлекеттік тілді дамыту Призиденттік қоры" Қамқорлық кеңесінің мүшесі, "Мемлекеттік тілге-құрмет" қоғамдық бірлестігінің, Алматы облыстық әзірбайжан этно-мәдени орталығының төрайымы Асылы Осман ханым.
1 -жүргізуші: Бүгінгі мерекелік кездесу кешімізді құттытау сөз бен ақ тілекпен бастаймыз. Құттықтау сөз кезегін құрметті қонақтарға береміз.
Қонақтарға сөз беріледі.
1 -жүргізуші: Рахмет, төрге жайғасуларыңызды сұраймыз.
2-жүргізуші: Мерекелік кешімізді әрі жалғастыру үшін назарларыңызға видеоролик ұсынамыз.
1-жүргізуші: Ассамблея, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен "Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы" деген тақырыпта
2-жүргізуші: "Бір ел - бір тағдыр" ұстанымына сүйене отырып Қазақстанның барша азаматын Елбасының ел тұрғындарына жолдаған "Болашақтың іргесін бірге қалайық" атты жолдауындағы міндеттерді іске асыру жолында бір елдің баласындай , бір қолдың саласындай жұмылуға шақырды.
1- жүргізуші: Сен білесің бе, Қазақстан халықтар Ассамблеясының гүлдене түсуіне біздің мектебіміздің оқушылары да өз үлестерін қоспақшы. Олар әр ұлттың өнерін ортаға салмақшы.
2-жүргізуші: Олай болса, өнерпаз оқушыларымызды бірге барып қарсы алайық.
Ән: "Жаса Қазақстан" 1 "А" сынып оқушысы
( Ән айтылып жатқанда 2 жүргізуші әр ұлттың киімін киген
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>