Сөйлеу барысында қабылдаушы тыңдалым мен айтылым әрекетін бір-бірімен сабақтастыра меңгеру керек.
Монологтық сөйлесу барысында қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын саналы түрде ұғынып, оны логикалық жүйеікпен айтуы керек. Монолог арқылы оқушылардың мынадай іскерліктері қалыптасады:
белгілі бір тақырыпқа өз көзқарасын білдіреді
белгілі бір тақырып бойынша ақпарат береді
сөз тіркесі мен сөйлем құрай білу дағдылары қалыптасады
сөйлеу тілін байтады
сөздік қорын байытады
нақты, дәл, анық жауап беруге үйретеді
әдеби тіл нормасында сөйлеуге дағдыландырады
Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі - сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту көзделеді. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді меңгеру сөз үйренуден басталады.
Тіл үйрету дегеніміз - кез келген сөзді құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағынасын түсініп, саналы түрде есте сақтау, жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу. Ал, оқушының жаңа сөздерді саналы түрде есте сақтауы үшін сабақта түрлі көрнекіліктер, кесте сөздердің орыс тіліндегі аудармасын айту, түсіндіру сияқты тәсілдер қолданылады. Жалпы, оқушылардың тілін дамытуда өткен сабақтарда үйренген сөздерді жаңа сабақпен байланыстыра, сол сөздерді қайталап, жаңа сөздермен бірге ауызша, жазбаша сөйлем құраттыру аса маңызды.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде төмендегідей әдістемелік талаптар ескерілуі тиіс.
1. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің мағынасын түсініп
есте сақтаумен бірге, дұрыс айтып үйренудің мәні зор.
2. Заттың өзін көрсету арқылы меңгерту. Затты нақты көрсеткенде оқушының
көру қабілеті арқылы сөздің мағынас
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>