Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тәсілдері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

үннің өзекті мәселесі.
Ұстаз ретінде заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуіміз қажет. Басты талап - сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді. Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі - "Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы". Бұл технология оқушылардың ізденушілік, өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды. В. П. Беспалько оқу материалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынады:
1. деңгей базалық деңгей ретінде қабылданған. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық білім алушы тапсырманы толық орындауы тиіс.
2. деңгей қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан әрі кеңейтіп, тиянақтайды, негізгі мазмұнын нақтылайды, ұғымдардың не үшін, қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды білім алушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
3. деңгей Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында білім алушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Жаңа білімді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы меңгеруіне, қорыт

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: