ындылай білуіне жол ашылады. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастырады.
4. деңгей бұл деңгейде берілген тақырып бойынша өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Реферат, баяндама, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру тапсырмалары беріледі.
Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады .
Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі:
- оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады ;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;
-сынып оқушылары толық бағаланады;
-әр бала өз деңгейіне ,қабілетіне қарай бағаланады.
Қазақ тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамытуға болады. Қазақ тілін үйрету, білу қазіргі таңда басты мәселе болып отыр. "Тіл дамыту дегеніміз - тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі" ,-дейді ғалым М. Балақаев. Тіл үйренуде ең басты міндет-оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамытудың шарттары:
1. Сөздік қорын дамыту.
2. Сөйлеудің грамматикалық жағын ескере отырып қалыптастыру.
3. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
4. Әңгімелеуге үйрету.
Қазақ тілі сабақтарында бұл мәселені шешу жолдарының бірі әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, жаңа технологияларды енгізу. Сабақта оқушылардыңтілін диалог, монолог дамытуға болады. Диалогтық, монологтық сөйлеу барысында туындайтын қиыншылықтар да бар:
Диалогтық сөйлеуде қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын бірден түсінуі қажет.
Қабылдаушы бірден аяқ асты жауап беруі тиіс.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>