Қазақ тілі сабағында мәтіндерді талдау

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

рылады. Ауызша мәтін уақытпен байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы бір-біріне ұқсастығы экспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер.
Екіншісінде, қарым-қатынас жасау формасына сәйкес, мәтіндер монологтық, диалогтық (кей ретте полилогтық та) болып бөлінеді. Бұл жерде сөйлеудің түрі мен формалары бірігіп келіп, жазбаша мәтіңде де, ауызша мәтінде де монолог пен диалог болатыны анықталады.
Үшіншісінде, мәтіннің қандай да бір стильде құрылатыны белгілі. Оқыту барысында функционалды стильдердің ауызекі сөйлеу стилі, ғылыми, ресми іс қағаздары, публицистикалық және көркем әдеби түрі қолданылады. Осы стильдердің әрқайсысының өзіңдік ерекшеліктері белгілі. Олардың мәтіндегі өзіңдік құрылымы бірден көрініп тұруы да мүмкін. Көп ретте, публицистикалық және көркем әдеби стильдерді айыра алмау байқалады. Сондықтан да мәтін стильдерін таныту бағытында жүргізілетін жұмыстардың өзіндік жүйесі жасалынуы керек
Төртінші, мәтіннің жанрлық ерекшеліктері де танылуы қажет. Жанр, негізінде, функционалдық стильдермен тығыз астасып жатады.
Мәтіннің бесінші белгісі - сөйлеудің функционалдылығы. Сөйлеуде сипаттама, хабарлама түрлері қолданылатыны белгілі. Бұлардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері әрбір сөйлеу типтерінің құрылымдық- жүйелік заңдылықтарына сәйкес танытылады.
Мәтіннің тағы бір маңызды белгісі - оның эмоционалдық бояулылығы. Бұл жағынан, ғалымдардың пікірінше, мәтіңдер: а) ресми, ә) ресми емес, б) бейтарап болып бөлінеді.
Мәтін талдауда қолданылатын ұғымдар
Мәтін тудырушы адам - автор
Мәтін - таңба, тілдік таңба
Мәтінді оқитын адам - оқырман немесе тыңдарман
Әсер ету күші бар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: