Қазақ тілі сабағында мәтіндерді талдау
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша стильдің барлық түрі қамтылып, әртүрлі стильдегі мәтіндерге талдау жүргізіледі. Стильдермен жұмыс жасау барысында оқушыларға дайын ақпарат немесе тапсырма бермей, сол стильдерді тілдік құралдар арқылы танытқан дұрыс. Алдымен мәтіннің мазмұнын, мақсатын, аудиториясын, формасын анықтап алған тиімді. Мақсат автордың ойлаған ойымен тығыз байланысты екенін оқушылар түсіну керек. Мәтінді оқушы түсінбей жатып, мәтінің аудиториясын, автор мақсатын анықтамай және мәтінің формасын көрсетпей бірден стильдік талдау жүргізе алмайды.
Мәтін - өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері - жүйелілік және тұтастық.
Барлық мәтіндер, ең алдымен, лингвистикалық нысан болып табылады.
Мәтін туралы білім мен тәжірибелік дағды, ең алдымен, оқу мен тындап түсіну әрекетіне байланысты. Оқу мен тындап түсінудің психологиялық- физиологиялық үдеріс ретінде ұқсастығы да, айырмашылығы да бар. Ұқсастығы - ойлау қабілеті үдерістерінде ойлау амалдары деңгейіңде (талдау, салыстыру, айыру, жалпыламалау т. с. с. ) жүретіндігі, айырмашылығы шарт қою және қабылдау деңгейінде байқалады.
Лингвистикалық типологияның негізіне лингвистикалық дифференциация алынады. Оның өзі мәтіннің түрін, формасын, жанрлық- стилистикалық ерекшеліктерін, жүзеге асырылу шарттары мен тәсілін білдіреді. Сонымен мәтіннің белгілеріне (әдістемелік тұрғыдан келгенде) мыналар алынады: 1) сөйлеу түрі; 2) сөйлеу формасы; 3) сөйлеу стилі; 4) жанры; 5) сөйлеудің функционалдық-мағыналық типі (сөйлеу тәсілі); 6). сөйлеудің эмоционалдығы мен экспрессивтілігі Мәтін бойынша тіл дамытуды жетілдіруге негіз болатындай әдістемелік маңызға ие талаптарды атайық:
Біріншісінде, сөйлеудің ауызша жөне жазбаша екеңдігі қарасты
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>