Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы

Страницы: <<  <  17 | 18 | 19 | 20 | 21  >  >>

ы кісі келе жатыр, алдынан кесе-көлденең өтпейік, үлкендердің алдын кесіп өту дұрыс болмайды. Олар –ел қорғайтын ерлер.
Түсіну
54- жаттығу. Сөйлемнен толықтауышты тауып, тура немесе жанама толықтауыш екенін анықта.
Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл аксақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру – қалыптасқан ұлттық дәстүр.

Тест
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ
1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сан есімнен жасалғанда, бастауыштан кейін
қандай тыныс белгісі қойылады?
А) үтір В) қос нүкте С) сызықша Д) нүкте Е) сызықша және үтір
2. Бастауыш зат есімнен, баяндауыш атау тұлғалы сан есімнен болғанда, екеуінің арасына қандай белгі қойылады?
А) сызықша қойылады В) тыныс белгісі қойылмайды С) қос нүкте қойылады
Д) сызықша және үтір қойылады Е) үтір қойылады
3. Бірыңғай анықтауышты табыңыз.
А) Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.
В) Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды.
С) Біз таудың ең биік шыңына шықтық.
Д) Мырзабайдың баласы ақылды, бірақ еріншек.
Е) Кең әрі ұзын көшелер қалаға көркін беріп тұр.
23
4. Күрделі анықтауышты табыңыз.
А) Аласа үйден түтін шығып жатыр.
В) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
С) Біраздан кейін іштен қара торы жігіт шықты.
Д) Далада кішкентай балалар ойнап жұр.
Е) Шалғай ауылдарда жарық сөніп қалды.
5. Анықтауыштың белгісін табыңыз.
А) анықтайтын сөзімен қабыса байланысады.
В) анықтайтын сөзінен кейін орналасады.
С) анықтайтын сөзімен бірдей сұраққа жауап береді.
Д) анықтайтын сөзімен бірдей сөйлем мүшесі қызметін атқарады.
Е) анықтайтын сөзінен үтір арқылы ажыратылады.
6. Дара анықтауышты табыңыз.
А) Қалың қардың үстінде іздер жатыр.
В) Дала жып-жылы

Страницы: <<  <  17 | 18 | 19 | 20 | 21  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: