Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
Большой Изюм орта мектебі КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Мулдашева Гулнара Бапановна
Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінде
ақпараттық технологияларды пайдалану
"Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет"
Н. Ә. Назарбаев
Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, еліміздің тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылыстарды, тыныс тіршілігімен байланыстыра отырып жан-жақты терең таныстыру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Осы технологиялардың ішінде жобалау әдісі арқылы оқыту - тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
ХХІ ғасырдағы ақпаратты оқыту жүйесіндегі жобалау технологиясының ерекшелігі: оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту шығармашылық деңгейін арттыру
Жобалау технологияның маңыздылығы - оқушылардың әр саладан алған білімдері үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Жоба әдісінің басты мақсаты - тәжірибе жүзінде орындауға бағытталған белгілі бір міндеттерді немесе әр сала бойынша білімдерін толықтыруды талап ететін маңызы тапсырмаларды орындау барасында оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай жасау.
Оқу - жобамен жұмыс істеген кезінде
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>