Масалиева Қарлығаш Амангельдықызы.
Орал «Сервис» технологиялық колледж, ҚР БҚО, Орал қаласы.
Қоғамдық пәндер оқытушысы.
Тақырыбы: Қазақ диаспорасының пайда болу тарихы.
Сабақтың мақсаты - оқушыларға өз бетімен «диаспора», «ирредента» ұғымдарын түсінуге, диаспораны, ирреденттерді қалыптастыратын саяси, экономикалық, діни себептерді анықтауға, «қазақ диаспорасы» мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектерін игеруге, қазақ диаспорасының қалыптасу тарихын оқып, үйренуіне қолайлы жағдай жасау.
Сабақтың міндеттері:
а) білімділік – оқушыларға нақты мысалдармен «диаспора» мен «ирредент» ұғымдарын, қаншама жақын, алыс шет елдерде қандас бауырларымыздың өмір сүріп жатқандығын, олардың туған елінен тысқары өмір сүруіне себеп болған тарихи оқиғаларды, қазақ диаспоралары мен ирреденттерінің шет елдердің саяси-экономикалық, мәдени өміріндегі рөлін зерттеп отырған зерттеушілердің еңбектерінің маңыздылығын, ерекшелігін, кемшілігін түсінуге түрткі болу;
ә) дамытушылық – оқушылардың қазақ диаспорасы тарихы жөнінде білгендерін пайдалана отырып, осы мәселеге арналған іргелі еңбектер мен баспасөз басылымдар беттерінде жарияланған жадығаттарды және өзге де дерек көздерін таныстыра отырып, олардың қазақ халқының құрамдас бөлігі, біздің қандас бауырластарымыз екендігін түсініп, ой – тұжырымдама жасауға жәрдемдесу;
б) тәрбиелік – оқушыларға тарихи және мәдени тамырлары ортақ, алайда түрлі саяси, экономикалық, діни себептердің әсерінен алыс-жақын шет елдерде өмір сүріп жатқан қандас бауырларымыздың өткен тарихын, тұрмыс-тіршілігін зерттеу арқылы, қазақ диаспоралары мен ирреденттерінің ұлттық құндылықтарды сақтау, құрметтеу секілді қасиеттерімен таныстыра отырып, олардың бойындағы елін, жерін сүю секілді сезімдерінің арта түсуіне себепші болу.
Саба
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>