М. Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Баяндама
Тақырыбы:
"Қазақ әдебиеті сабағындағы құзіреттілік ұғымы"
Орындаған: А. Н. Алтаякова
Тақырыбы: "Қазақ әдебиеті сабағындағы құзіреттілік ұғымы"
Бүгінгі білім берудің басты нысаны әлемдік білім кеңістігіне кіру. Алғы шарт бүгінгі қоғамға лайықты білікті де білгір азамат тәрбиелеу. Мұндай тұлға өз ұлтының және өзге ұлт өкілдерінің мәдени құндылықтарын қастерлейтін, саналы деңгейде пікірлесе алатын дәрежеде болуы керек.
Студент біліктілігін арттыру қазіргі оқыту үрдісі мазмұнының басты нысанасы. Түрлі пәндер бойынша берілетін білім мазмұнының меңгерілуі, сол білімді пайдалану арқылы студенттің өмірлік дағдысы мен іскерлігі өлшенеді, ендігі жерде білімнің сапасы нәтижеге бағытталады. Іскерлік қатынасты көтеру мақсат етіледі. Осыдан қазіргі білім беру жүйесіндегі құзыреттілік (біліктілік) ұғымы туындайды.
Нәтижеге бағытталған білімді пәндік құзыреттілік тұрғысынан зерделесек, біз адамға тыңдау, түсіну, ойлау,пайымдау, тұжырымдау, пікірлесу сияқты тілдік коммуникативтік біліктіліктерді студенттің өмірлік қажеттілігіне айналдыруы үшін әдебиеттің маңызы зор екеніне көз жеткіземіз. Әдеби білім алған оқушы әдебиетті пән ретінде ғана біліп қоймайды, сол пәндік білім негізінде болмысты танып біледі, одан ақпараттық мағлұматтар алады, эмоциялық құндылық болып табылатын адами қасиеттерді бойына сіңіре отырып, мәдениетті, салауатты қарым-қатынасқа түседі, әдебиеттің жетекші қызметінің жүзеге асырылуына жол ашады. Бұл ретте көркем шы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>