қаруланады. Білімін шыңдайды, шығармашылығы артады. Ақпараттық технологияны еркін меңгереді, бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелейді.
Флипчарт - бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы "Активті экран" кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
Білім берудің кез-келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың өз бетінше жұмысын және олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сапалы электронды оқулық қашықтықтан оқытуға, тіл үйренушінің өздігінен оқып үйренуіне мүмкіндік береді.
Қазақ тілінің қоғамдық қызметін кеңейтіп, оның маңызын, қажеттілігін табиғи түрде арттыру, жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы - тілді үйретудің сапасына қатаң талап қою, тіл үйренушілердің өздігінен білім алуын ұйымдастырумен бірге оның нәтижелеріне тұрақты бақылау жасау. Бақылау жасау - адамның өзінің алдына қойған мақсатына қарай жүзеге асырылатын әрекетінің дұрыстығын қадағалау, тексеру. Компьютер тіл үйренушінің жауабын бағалайды, келесі кезекте қандай материал ұсынылуы қажет екенін анықтайды. Оқу үдерісінде компьютер оқытушы, электронды интерактивті тренажер, эксперт, іс-әрекет серіктесі, құралы, үйретуші, тексеруші, бағалаушы қызметтерін атқарады.
Қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын бақылау, бағалау тапсырмаларын, аралық, қорытынды сынақтарды компьютерлік жолмен автоматтандыру кезінде тексеруге кететін уақыт мөлшерін бірнеше есеге үнемдеуге, бақылау мен тексеруде объективтілікке қол жеткізіледі. Компьютердің мультимедиалық ерекшелігі тест тапсырмаларын алуан түрлі етіп, сөйлесім әрекетінің барлық түрін қамти отырып, қатысым
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>