/>28. «Киім кисе, жеңі жоқ,
Етегі бар да, белі жоқ. . .
Ел биледі бір сымпыс
Екі бұты таралған»
Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін белгілеңіз.
A) Әбубәкір Шоқанұлы.
B) Шортанбай Қанайұлы.
C) Мұрат Мөңкеұлы.
D) Абай Құнанбаев.
E) Міржақып Дулатов.
29. «Ақындарға» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Міржақып Дулатов.
B) Сәкен Сейфуллин.
C) Абай Құнанбаев.
D) Шәкәрім Құдайбердіұлы.
E) Ілияс Жансүгіров.
30. Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,
Жаманнан үлгі болар сөз қалмайды. Кімнің сөзі екенін белгілеңіз.
A) Мұсабек.
B) Мағжан.
C) Ақан сері.
D) Жамбыл.
E) Абай.
31 нұсқа
1. Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз.
Аққу ұшып көлге кетті.
Сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ
Әркім барар жөнге кетті.
A) Той бастар.
B) Сыңсу.
C) Беташар.
D) Естірту.
E) Жар - жар.
2. Махамбет Өтемісұлының «Әй, Махамбет жолдасым» өлеңі кімге арналғанын табыңыз.
A) Туған жеріне
B) Исатайға
C) Қарауылқожаға
D) Баймағамбетке
E) Жәңгір ханға
3. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз.
A) М. Дулатов.
B) Ә. Бөкейханов.
C) Ы. Алтынсарин.
D) Ш. Уәлиханов.
E) А. Байтұрсынов.
4. Бейімбет Майлиннің қоғамдық маңызы үлкен әлеуметтік мәселелерді қозғайтын поэмасын белгілеңіз.
A) «Байдың қызы».
B) «Жазғы қалып»
C) «Көңіл айту».
D) «Кемпірдің ертегісі».
E) «Ауылда».
5. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын көрсетіңіз.
A) Адамгершілік қасиет.
B) Табиғат, жер.
C) Білім, өнер.
D) Достық.
E) Кедейлердің аянышты халі.
6. Ер Төстіктің қалыңдығының атын табыңыз.
A) Гүлбаршын. <
Страницы: << < 103 | 104 | 105 | 106 | 107 > >>