ы әңгіме.
D) Діни әңгіме.
E) Қорқынышты әңгіме.
17. Жыраулар толғауында көп кездесетін өлең үлгісін анықтаңыз.
A) Эпиграмма, арнау жырлары.
B) Қара өлең.
C) Бейне өлең.
D) Баллада.
E) Ән өлең.
18. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.
A) Тәуке хан.
B) Жәңгір хан.
C) Қасым хан.
D) Абылай хан.
E) Есім хан.
19. Ы. Алтынсариннің жастарға бата ретінде жазған шығармасын белгілеңіз.
A) «Өнер-білім бар жұрттар»
B) «Қыпшақ Сейітқұл»
C) «Асыл шөп»
D) «Таза бұлақ»
E) «Кел, балалар, оқылық!»
20. "Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам".
А. Байтұрсынов осы жолдарды жазуға мәжбүр болған себебін анықтаңыз.
A) Ел мұңы.
B) Әкесінің ұсталуы.
C) Оқуға еріксіздігі.
D) Кедейлік.
E) Ғашықтық.
21. Сұлтанмахмұттың балалық шағы өткен жерді табыңыз.
A) Ақтөбе.
B) Көкшетау.
C) Атырау.
D) Өскемен.
E) Павлодар.
22. «Күйші» поэмасындағы кейіпкерді табыңыз.
A) Жамал.
B) Сұлушаш.
C) Айша.
D) Қарашаш.
E) Лағыл.
23. Ғ. Мүсіреповтің Қазақ солдаты романы 1945 жылы алғаш қандай атпен жарық көрді?
A) Ақлима.
B) Ботагөз.
C) Жұмбақ жалау.
D) Қазақ батыры.
E) Қазақ айнасы.
24. Диалог дегеніміздің не екенін табыңыз.
A) Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу.
B) Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану.
C) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
D) Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеу.
E) Табиғат көркін суреттеу.
25. Құтбтың Низамиден аударған дастаны қалай аталатынын табыңыз.
A) Ақиқат сыйы.
B) Мухаббат-наме.
C) Хұсрау-Шырын.
Страницы: << < 105 | 106 | 107 | 108 | 109 > >>