"Дұрыс жауабын таңда" тесті берілді. Тест компьютерде жүктеліп жіберілгенде экран бетінде тест тақырыбы шығады. Одан кейін сыналушы оқушы өзінің аты-жөнін енгізіп, тест сұрақтарына жауап берген соң, қорытынды баға анықталады.
Орындауға 10 минут уақыт берілді. Тест нәтижесі "5"-тік бал бойынша бағаланды. Оның ең бірінші тіимді жағы уақытты үнемдеп, оқушының білімін компьютердің өзі бағалап отыруы, ал екінші жағынан олардың қызығушылығын арттыру болып табылады.
Сабақтың келесі кезеңінде Bilimland. kz парақшасына кіріп "Модулі бар теңдеулерді шешу" контентін қарады. Өз бетінше жаңа сабақты,есепті шығару жолдарын түсінді. Түсінгені бойынша әр топ онлайн режимінде жаттығуларды орындады. Бір ерекшелігі түсінбеген есептерінің шығару жолдарын қайтадан қарап алуға мүмкіндік алып,түсініп есептерін өздерідұрыстап отырды. Әсіресе нашар оқитын оқушылардың білім сапасын көтеруге SMART оқытудың пайдасы көп болды. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулерді шешу алгоритміне графикалық диктант жазды. Бірнеше рет тыңдауға мүмкіндік болды. Сондықтан диктантты жазғанда жоғары нәтиже көрсетті. Әр оқушы өз парақшасына кіріп суретті орналастыру контентін қарады. Графикалық нысандардың web парақта орналастыруға практикалық жұмыс орындады. Жұмысын сақтап google дискіге жіберді. Оқушылар тапсырмаларды ынтамен қызыға орындады.
Whatsapp web қосымшасын пайдаланып, кері байланыс берді. Кері байланыс парағын whatsapp web да толтырды. Оқушыларға бағалау парақшалары таратылып берілді. Оқушылар өзін-өзі бағалады.
Нәтижесінде тақырып толық ашылды.
Өткен ұрпақ үшін оқулықтың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютердің қуаттауымен жүргізуді үй
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>