раттық ресурс пен веб-сайтты кез келген маңызды ақпаратпен немесе мазмұнмен толықтыру. Контент деп мәтінді, мультимедияны, графиканы атайды.
Сондай-ақ, SMART оқыту - бұл барлық әлемнің контентінің көмегімен еркін кіруге болатын интерактивті білім ортасындағы икемді оқыту. SMART білім ұғымының мәні - білімнің кең көлемді қолжетімділігі. SMART оқытудың мақсаты - білім беру процесін электронды ортаға көшіру арқылы оқыту процесін тиімді ету. Мұндай тұрғы оқытушының білімін көшіріп алып, әрбір адамға қол жетімді етеді. Оқыту әр жерде және үнемі қол жетімді болады. Кітаптық контенттен белсенді контентке көшу SMART оқытуға көшудің тағы бір жағдайы болып табылады. Білімді электронды түрде берудің нәтижелілігі артады.
Бірінші кезекте оқушылардың білім сапасын дамытуға назар аудардық. Осы мақсатта коллабаративті білім беру ортасы құрылды. Барлық оқушыдағы компьютерлер ғаламтор желісіне қосылды. Жұмыс жасауға жағдай жасалды.
Сонымен қатар жағымды орта қалыптастыру мақсатында және оқушының көңілі көтерілуі үшін "Көктем мезгілі- сұлулық пен жаңа өзгерістер кезеңі" тренингі өткізілді. Тренинг арқылы оқушыларды жігерленуге шақырдық. SMART оқыту нәтижесінде оқушылар білімді енжар қабылдамай,оқу үрдісіне белсене қатысты. 11 "а" сыныбында өткізілген "Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер. Графикалық нысандардың web парақта орналасуы" тақырыбындағы математика және информатика пәндерін интеграциялау сабағында оқушылар SMART оқыту технологиясымен жұмыс істеді. Жоспар Блум таксаномиясы бойынша құрылды. Мұғалім SMART оқыту технологиясына қажетті бағдарламалар мен технологияларды атап айтсақ, "ЕasyQuizzy" тест құру бағдарламасын, Camtasia Studio бағдарламасын контент құруға пайдаланды.
Үй тапсырмасын сұрау мақсатында
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>