Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер.
Графикалық нысандардың web парақта орналасуы" тақырыбындағы
математика және информатика пәндерін интеграциялау сабағына рефлексивті есеп.
Абишова А. К. Туркменбаева А. А. Пригород орта мектебінің
математика және информатика пәндері мұғалімдері
Табысты мұғалімнің ерекшелігі - сабақты заманауи әдіс - тәсілдермен түрлендіре өткізіп, оқушылардың жүрегіне жол таба білуі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі дер едік. Оқушыларға сапалы білім берудің негізгі жолы - жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану. Осындай сабақтың бірі - SMART технологиясын пайдаланған сабақ. Оқу да бар,білім алуды үйрену де бар. Оқушы қалай ойлайтынын,оқитынын қадағалау,бақылау,бағалау нәтижелері жоғары деңгейде болды. Қазіргі оқу процесінде белсенді қолданылып жүрген қашықтықтан оқыту мен электрондық оқытудың жетілдірілген түрі, ол SMART оқыту. Сөздің түбіріне келетін болсақ, "smart" сөзі ағылшын тілінен аударғанда "зерек", "ақылды" дегенді білдіреді. SMART - бұл неологизм, сын есім ретіндегі негізгі мағынасы - парасатты, тапқыр, ақылды, ал зат есім ретінде - ақыл, алғырлық, зеректілік деген мағынаны білдіреді. SMART оқыту - білім берудің жаңа бағдары, яғни "ақылды" оқыту немесе әлеуметтік желілер арқылы оқыту.
SMART оқыту - бұл АКТ-ның (ақпараттық - коммуникациялық технология) көмегімен уақытқа, кеңістікке шектелмей, ыңғайлы білім алу мүмкіндігі.
SMART білім - бұл ортақ стандарт, келісім мен технология негізінде ғаламтор желісіндегі бірлескен білім берушілік әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған оқу мекемелері мен оқытушылық құрамының бірлестігі. Яғни бұл контентті бірлесіп құру және пайдалану, бірлесіп оқыту деген сөз. Контент (ағылшынның content - мазмұн) - ақпа
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>