39 ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІ
Ашық сабақ тақырыбы:
АРАЛАС САНДАРҒА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
5 "Б" класс
Пән мұғалімі: Ерубаева Р. С.
Ақтөбе 2014 жыл
5 сынып Математика Ерубаева Р. С.
Өткізілетін күні: 03. 12. 2014ж.
Сабақтың тақырыбы: АРАЛАС САНДАРҒА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Аралас сандарды бұрыс бөлшекке айналдыру және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыра білу. Берілген тақырып көлеміндегі оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, тыянақтау, біліктілік дағдысын қалыптастыру;
Дамытушылық: Теориялық білімді тәжірибеде ұштастыра отырып, жан - жақты ойлау, жылдам есептеу, есте сақтау, топпен жұмыс жасау қабілеті, ақпаратты көзбен және түйсіну арқылы қабылдау қабілетін дамыту, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, математикаға деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, алғырлыққа, топпен және өздігінен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Белсенділіктерін арттыру, нәтижеге қол жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: жеке және топпен жұмыс, деңгейлік есептер
Көрнектілігі: cлайдтар, түрлі түсті қарындаш, таратпа материал
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Класты үш топқа бөлу: "Дұрыс бөлшек", "бұрыс бөлшек", "аралас сан"
Үй жұмысын тексеру
II. Миға шабуыл.
I топ
Жай бөлшектер. Мысал келтіріңіз
II топ
Бөлшек түрлері. Мысал келтіріңіз
III топ
Аралас са
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>