Аяулы анашым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: Аналар асыл қазынам.
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру. Ән мен би орындау дағдыларын қалыптастыру. Балалардың өздерінің жақын адамдарын қуанта білуге мейрімділікке тарбиелеу.
Балалар залға кіреді. Қолдарында гүл.
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
-Балалар бүгін қандай мереке? Аналар мерекесі.
-Балалар ең асыл жан кім? Ана.
-Біздің еркелігімізді,тентек болғанымызды көтеретін кім балалар? Анамыз.
Жүргізуші:
Көктем келді нұр жайнап,
Таза ауасын сімірдік.
Керемет-ау күлкі аймақ,
Тұнып тұрған сұлулық дей отырып,балаларыңыздың орындауында көктем әнін қабыл алыңыздар.
Ән: Көктем әні.
1. Қыс өтті,жақындады көктем жайнап.
Далада сала берді өмір қайнап,
Сылдырлап сай салада ағады су,
Көктемді қарсы алғандай айғайлап.
Қайырмасы:
Қыс өтті,көктем келді.
2. Нұр шашып,күн күлімдеп жайнайды мәз.
Құлпырды жер бетінде көрікті наз.
Саңқылдап үнін қосып сай-салада,
Көк жайлап мамырлайды мен қаз. аққу
Жүргізуші:
"Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді"-демекші балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Заңғар.
Аналардың жүрегі,
Балалардың тілегі.
Ауырмасын ешқашан,
Балалардың жүрегі.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір бірден,
Анамызға сыйлаймыз.
Әнуар.
Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасында анам жүргенде,
Шаттанып ойнап күлем.
Санжар.
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Аңсар.
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: