ыңмен құттықтаймын.
Нұрай.
Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Нұрлыбек Айару.
Әже деген көп шығар,
Әжедей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғахап күлкісі.
Самийя.
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам ,
Айналайын ақ мамам.
Б. Айару.
Бізге қарап елжіреп,
Сүйіп беттен ақ мамам.
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіремін шаттанам.
Аманай.
Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Аналарды құттықтап,
Жырдан шашу арнаймыз.
Жансая.
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Аруана.
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Жүргізуші:
Аялаған саялаған,
Бар бақытым берекем.
Апатайым құттықтаймын,
Бүгін сенің мерекең дей отырып , " Анашым әнін "қабыл алыңыздар.
Ән. " Анашым ".
Жүргізуші:
Келесі кезекте балаларыңыздың адемі биін тамашалаңыздар.
Би. ( барлык балалар) " Менің анам алтын".
Жүргізуші.
Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң баспасын жанарыңа.
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға-дей отырып,ертеңгілігіміз аяқталды.
Страницы: << < 1 | 2 | 3