Анаға айтар лебізі.
Әділет Би.
Ақ қабақты анашым,
Күн саулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Абылай.
Қызықтап әр сөзімді,
Жүрегінде сақтаған.
Сабырлы да төзімді,
Анашыммен мақтанам.
Ратмир.
Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы таппағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Бекжан.
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жүргізуші:
Аналар ақ тілекті,сөз көп дейін.
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін,
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге.
Қол соғып қарсы алайық " Гүлдер - ай биін ".
Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де,гүлі аналар,
Ана-деп,бас иедібүкіл халық-дей отырып, Анашым анажаным әнін қабыл алыңыздар.
Ән. " Анашым- Анажаным ".
Жүргізуші:
Біздің ертеңгі болашағымыз сіздерге арнап,Оркестр ұйымдастырды " Ерке сылқым ". қабыл алыңыздар.
Көрініс. Жібек анасымен. ( Жіп,кір жуатын леген, кір қыстырғыш ).
Жүргізуші:
Мерекемізді бимен жалғастырайық.
БИ. " Аспазшы биі ".
Жүргізуші:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық ана қуанар.
Аналарды мейраммен,
Құттықтайды балалар дей отырып, Өзің маған бақ берген әнін қабыл алыңыздар.
Ән. " Өзің маған бақ берген ".
Көрініс. Аманай апасымен, Айару апасымен. ( бір орындық,шәлі басқа орайтын,диван,кесе касығымен үсел).
Жүргізуші.
Құтты болсын анашым,
Құтты болсын мерекең.
Әр кез саған тілеймін,
Ұзақ өмір жолдарын-дей отырып келесі кезекте балаларыңыздың тақпақтарына берейік.
Жібек.
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Салем жазып бүгін саған,
Мейрам
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>