цессорлары пайда болды. Қазіргі кездің көптеген компьютерлері Pentium процессорына негізделіп құрылған.
Болашақта компьютерлердің 5-ші буыны пайда болуы мүмкін.
5-ші буын компьютердері жасанды интеллект, көру және есту сезімдерін қабылдайтындай дәрежеде өте үлкен интегралды микросхемалар магниттік және оптикалық құрылғылар негізінде жасалады.
ЭЕМ-нің дамуымен қатар оған қажетті базалық программалық құралдар да дамып отырды.
1-кезең.
50-жылдардың соңына қарай программалау құрылымы, дәл кодтау тәсілі арқылы ұзын командалар тізбегі екілік, сегіздік және он алтылық сандар қолданылды. Бұл қызметтің программалаудан айырмашылығы кодтау деп аталды да, оның алдына алгоритмді құрастыру міндеті қойылды.
2-кезең.
Оларға Ассемблер тілдері жатады, олармен жұмыс істеу машиналық тілге қарағанда жеңілірек болды. Оларда нақтылы командаларға арнайы сақтау әдістері қолданылды.
3-кезең.
Ол 1955 жылы Фортран (FORmula TRANslator – формулалар аудармашысы) тілінің пайда болуынан басталды.
1960 жылы АЛГОЛ (ALGOritmic Language – алгоритмдік тіл) пайда болды.
1965 жылы БЕЙСИК программалау тілі жасалынды. (BASIC – тікелей аудармасы, «үйренушілерге арналған көпмақсатты символдық нұсқаулар коды»)
1970 жылы Никлаус Вирт Паскаль Pascal тілін жасады.
1980 жылы ADA тілі жасалды. Ол АҚШ қорғаныс министрлігінің есептеу орталықтарының негізгі тілі ретінде қабылданды.
4-кезең.
Программалық жабдықтарды басқару тілдері және оларды «программа генераторы» деп атайды. Мысалы, Cliper, dBase, SuperCalk, т. б. тілдерін алуға болады.
5-кезең.
Барлық аталған тілдер, ресми болып табылатын «бесінші кезең» тіліне қарама-қарсы процедуралық болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі тілдеріне – LISP (1961 жылы АҚШ-та, Массачусетский университеті
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>