нде) тізімдерді өңдеу тілі және PROLOG (1973 жылы Францияда, Люмини университетінде) – логикалық терминдерді программалау тілдері жжатады. Бұл тілдерде есептер шығарғанда программалаушыға оны ҚАЛАЙ істеу керек емес, НЕ істеу керек екенін жазуды ғана талап етеді. Ал қалғанын жүйе өзі жүзеге асырады.
Барлық програмамлау тілдерін 3 деңгейге бөлуге болады:
ТӨМЕНГІ деңгейлі программалау тіліне – машиналық тілдер және Ассемблер тілі, яғни бірінші және екінші кезең тілдері;
ЖОҒАРҒЫ деңгейлі тілге – барлық процедуралық тілдер, яғни 3-ші және 4-ші кезең тілдері
ӨТЕ ЖОҒАРЫ деңгей тіліне – бесінші кезең тілдері жатады.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің (ААЖ) негізгі түсінігі.
Автоматтандырылған жүйе (Автоматизированная система; the automated system) — басқару міндетінің бір бөлігін адам (оператор) орындайтын, басқарьшатын объектілер мен автоматты басқару құрылғыларының жиынтығы. Автоматтандырылған жүйеде автоматты құрылғылар басқару объектісінен ақпарат жинақтауды, оны жеткізуді, түрлендіруді және өңдеуді, басқарушы командаларды қалыптастыруды және басқарылатын объектіде олардың орындалуын жүзеге асырады, яғни формальдауға оңай келетін қызметтер. Адам — оператор басқарудың мақсаттары мен критерийлерін анықтайды және жағдайлардын өзгеруі кезінде оларды түзетеді. Ӏс-әрекеттеріне байланысты автоматтандырылған жүйеде басқарудың автоматтандырылған жүйесі, ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйесі, құрылмалаудың автоматтандырылған жүйесі, өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесі, автоматтандырылған жобалау жүйесі және т. б. түрлері болады.
Оқытушы А. Б. Қалымжанова
Страницы: << < 3 | 4 | 5