Дәріс 1
Пән: Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
Курс тақырыбы: 1. 1 тақырып. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің (ААЖ) негізгі түсінігі
Сабақтың тақырыбы: 1 ААЖ құрылымы мен түсінігі. ААЖ дамуы мен құрылуының тарихы
Жоспар:
1. Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандырудың дамуына қысқаша тарихи мағлұмат.
2. ААЖ түсінігі.
1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірак 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен - транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы
жұмыс өнімділігі сақталынғанмен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді.
70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини-ЭЕМ-дер шыға бастады (транзисторлар мен олардың арасындағы қажетті байланыстар бір пластинада орналасқан). Осындай микропроцессорлардың
(біріктірілген интегралдық схемадан - БИС элементтерінен тұратын) шығуы дербес компьютерлер заманының басталғанының алғашқы белгісі болды.
Алғашқы есептеу жұмыстарын автоматтандыруға арналған ЭЕМ-дер күннен күнге артып келе жатқан информация ағынымен жұмыс істеуде өте ыңғайлы құрал болып шықты. Бастапқы кезеңдерде ЭЕМ-дерде тек арнайы үйретілген
адамдар ғана жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың компьютерді пайдалану мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау қажеттілігін тудырды.
70 жылдар басында "тұрмыстық" (үйдегі) компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды. 70 жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай, оларды сусын
шығаратын фирмалар да (Coca Cola) жасай бастады. Де
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>