олтырамыз. Аузын қолымызбен бекітеміз және жайлап қысамыз.
- Тез қысылама?
2) Кішкентай шприцке ауа толтырамыз. Аузын саусағымызбен бекітеміз. Енді тұтқасын итерейік. Итере аламыз ба? Ал егер саусағымызды жіберсек, не болады?
Жер шары көзге көрінбейтін мөлдір жабынды - ауамен жабылған.
Жел - ауаның қозғалысы. Атмосфера деп - біздің ғаламшарымызды және бізді қоршап тұрған ауа қабатын айтамыз. Жердің ауа қабығын көбінесе бесінші мұхит деп атайды.
- Адамдар, жануарлар, өсімдіктер бесінші ауа мұхитының түбінде өмір сүреді.
Ауасыз жер бетінде мәңгі тыныштық пен бос кеңістік болар еді. Егер жер ауаны жоғалтса, ол Ай секілді тіршіліксіз аспан денесі болар еді.
Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ - яғни азот 78, оттегі - 21, ал 1- ы көмірқышқыл газы.
Ауаның барлық жерде бар екенін білеміз. Дәптерлеріңді көтеріңдер, оның ар жағындағыны көресіңдер ме?
- Жоқ.
- Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
- Ал, сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
- Иә.
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көре алатынымыз дәлел.
- Бөлме өсімдіктері қандай түсте?
- Жасыл.
- Партамыз қандай түсте?
- Көк.
- Ауа қандай түсте?
- Ол түссіз. Иә, бұл ауаның тағы бір қасиеті.
Сен әртүрлі бөлмелерде әртүрлі иіс бар екенін сезесің. Тамақ пісіретін бөлмеде, шаштаразда, дәріханаларда иісі бар заттардың бөлшектері ауамен араласып кетеді. Ал таза ауаның иісі бар ма?
- Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз.
Сонымен бірге ауа серпіледі, сығылады.
Допты алайық. . Оны қолыммен қысамын. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолым
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>