Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

уа салқындай бастайды. Сол кезде атмосфералық қысым суды жоғары қарай көтереді.
3 - тәжірибе. (Түгел сынып оқушылары)
Су, стакан, пипетка. Пипетканың резеңке қабық ішіндегі ауаны қысып тұрып, суға батырса су пипетка бойымен жоғары көтеріледі.
4 - тәжірибе. (Түгел сынып оқушылары) Су, шприц, стакан. Шприцты суы бар ыдысқа батырып, поршенді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршенмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды. Міне суды поршенмен ілестіре көтеретін атмосфералық қысым.
Есептер шығару.
Қай жұп өте жақсы деген баға алғысы келсе сол жұп үш есеп, жақсы деген баға алғысы келсе екі есеп, қанағат деген баға алғысы келсе бір есеп шығарады.
1. Массасы 480 кг гранит плита ұзындығы 1,2 м, ені 0,8 м тірек үстінде жатыр. Гранит плитаның тығыздығы 2600 кг/м3. Плитаның топырыққа түсіретін қысымын анықтаңдар.
2. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 20 см2. Оған әсер ететін күш 400 Н. Үлкен поршеньнің ауданы 300 см2. Үлкен поршеньге қандай күш әсер етеді?
3. Керосин бак түбіне 1600 Па қысым түсіреді. Бактағы керосиннің биіктігі қандай?. Керосиннің тығыздығы 800 кг/м3.

Бекіту сұрақтары
1. Жердің бетінің ауа қабығы. . . Атмосфера
2. Атмосфера - грекше. . . Атмос - бу, ауа, сфера - шар
3. Атмосфераның ең төменгі қабаты қалай аталады? Тропосфера
4. Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым? Э. Торричелли
5. Атмосфера барлық денелерге. . . . түсіреді. Қысым
6. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал . . . Барометр
Рефлексия . "Табысқа жету баспалдағы" стратегиясы










Үйге тапсырма: 40, 149-152 бет
- Тақырып бойынша тест құрастыру





Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: