Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ары төменгі қабаттарына қысым түсіредi. Атмосфера газ - сондықтан ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады. Соның салдарынан жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.

"Біз ауа мұхитының астында өмір сүріп жатырмыз. . . "
Эванджелиста Торричелли
Атмосфералық қысымды қалай өлшеу керектігін ең алағаш итальян ғалымыЭ. Торричелли ойлап тапты. Оның ұсынған тәжірибесін 1643 ж. Г. Галилейдің шәкірті В. Вивиани жүзеге асырды. Бұл тәжірибеде бір ұшы бекітілген ұзындығы 1м-ге жуық шыны түтік қолданылды. Оны сынаппен толтырып саусақпен жауып, (сынап төгілмеу үшін) төңкеріп сынабы бар ыдысқа саламыз. Түтіктен саусақты алсақ, біраз сынап бөлігі ағып, жоғары жағында ауасыз кеңістік -- "торичелли бостығы" пайда болады. Мұндағы сынап бағанының биіктігі (ыдыстағы сынап деңгейі) 760 мм еді. Егер бұл қысымдар тең болмаса, сынап тепе-теңдікте болмас еді. pсынапpатм болғанда сынап түтікшеден табаққа төгілер еді, ал pатмpсынап болғанда түтікше бойымен жоғары көтеріледі. Сондықтан ауа қысымын сынап бағанының сәйкес биіктігімен (әдетте мм арқылы берілген) өлшеуге болады. Мысалы, егер қандай да бір Жерде атмосфералық қысымы 760 мм сын. бағ тең десе, онда бұл жердің ауа қысымы биіктігі 760 мм вертикаль сынап бағаны түсіретін қысымына сәйкес келеді. Сынап бағанының биіктігі үлкен болса атмосфералық қысым үлкен, ал биіктігі аз болса қысым да аз болады. Егер, Торричелли тәжірибесіндегі сынабы бар түтікшеге вертикаль шкала бекітсек атмосфералық қысымды өлшеу құралы -- сынап барометрі(грек сөзі "барос" -- ауырлық) пайда болады.
Магдебург жарты шарлары. 1654 ж. атмосфералық қысымның бар екеніне көз жеткізу үшін Герике "Магдебург жартышарларымен" өзінің атақты тәжірибесін жасады. Тәжіри

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: