Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сыныбы: 7А Күні: 27. 02. 2015
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі.
Барометр
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мақсаты: Атмосфералық қысымның пайда болу себебін, атмосфералық қысымның ашылу тарихын, Торричелли тәжірибесінің мәнін түсіндіру, оны өлшейтін құралмен таныстыру.
ә) дамытушылық мақсаты: Еңбекке, оқуға саналықты, белсенділікті физиканы объективтік шындық ретінде дүниетану тұрғысында түсінігін қалыптастыру.
б) тәрбиелілік мақсаты: Ойлау мәселені қойып шешуге ұмтылдыру, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту. .
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, ой қозғау, стоп кадр,
Сабақта қолданылатын техникалық құралдар: Интерактивті тақта, электронды оқулық, слайдтар, Магдебург жарты шарлары, шприц, стакан, су құйылған ыдыстар, кеспе қағаздар
Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық:
"Достарыңмен амандасу" ойыны (3 оқушының атын жазғызу арқылы)
Алдарыңда жатқан стикерлерге үш баланың атын жазасыңдар, сосын сол балалармен рет санына сәйкес сәлемдесеміз.
1. Қолынан қысып тұрып тілек айтыңыз.
2. Күлімсіреп, тізе бүгіңіз.
3. Көзіңізді қысып, қол бұлғаңыз.
Оқушылар сәлемдесіп болған соң орындарына жайғасады.
Мұғалім: Балалар біз бүгінгі сабақта жұппен жұмыс жасаймыз, және сабақ соғында істеген жұмыстарыңа сай бағаланатын боласыңдар. Әр бір тапсырмадан соң стикерлер таратып беріп отырамын сабақ соғында сол бойынша бағаланады.
Қызыл- өте жақсы "5", қызыл сары- жақсы "4", сары- орташа "3"
Нақыл сөз "Біз өмір бойына жететін білім алу" моделінен өмір бойы білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық.
"Біл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: