тар баланың неше түрлі жағдайларды өзін-өзі қандай психологиялық қорғану типін қолданып жүргенін анықтауға болады.
Әдістеме 20 фигурадан тұрады. Оның ішіндегі фигуралар барлық жас кезеңіндегі адамдардың түрін,жынысын,бойын,толықтығын және басқажасқа және жынысқа байланысты белгілері бейнеленеді. Мұндай жинақ жасаудың себебі отбасы мүшелерінің барлығының орнын көрсетуге мүмкіндік береді.
Зерттеу барысында әдістемені жүргізуге арналған сұрақтардың әрқайсысы жеке жолақ қағазға жазылған болады. Кіші жастағы балаға сұрақтарды ретімен оқып беріп,сол сөздер кімге арналатындығын байқап,сол адамды белгілейтін фигурамен бірге жәшікке салуды өтінеді. Әдістемені жүргізу міндеті-баланың отбасындағы әр келесі субъектіні көргендегі эмоционалды жағдайын бақылау арқылы жүргізіледі. Баланы ыңғайлы дене күйінде сақтайтындай жағдайда отырғызып,отбасы мүшелерін көрсететін фигураларға жақын жерге орналастырады. Балаға фигураларды таңдау ұсынылады,ал психолог одан отбасы мүшелерінің қайсысы жақсы көрінетінін сұрайды. Мұндай жағдайда баланың фигуралармен жасаған қатынасы отбасы мүшелерімен жасаған қатынастың ретінде қарастырылады.
Әдістеменің екі варианты бар:бірінші варианты -4-6(8) кіші жастағы балаларды зерттеуге арналған;екінші варианты - 6-10 жас аралығындағы балалар және жеткіншектер үшін пайдаланылады.
1. Кішкентай балаларға арналған варианты бала қатынасы келесі мазмұнда талдауға мүмкіндік береді;
- баланың отбасы мүшелерімен қатынастағы жақсы сезімін,өзгелерден алынатын жағымды сезімін бағалау;
- баланың отбасы мүшесімен қатынасы нәтижесінде жағымсыз сезімнің пайда болуын,өзгеден шығатын күйзелісті қайталаудан бағалау;
- баланың өзгелерге тәуелді болуын бағалау.
2. Жасы үлкен балаларға арналған варианты отбасының қалыптасқан қарым-қатынасы
Страницы: << < 14 | 15 | 16 | 17 | 18 > >>