Ата -анамен жұмыс,тренинг жаттығулар

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>

оқиғаларға өзінің жауапкершілігін сезінбейді және жауапкершілікті өз мойнына алмайтындығын көрсетеді.
Т-қобалжу шкаласы бойынша келесі тапсырмаларға берілген «иә» жауап санымен бағаланады: 2,5,8,11,17,20. Зерттелінушінің өзі қанша күш жұмсаса да отбасындағы жағдайды өзгертуге шамам келмейді деп түсінуі. Нәтижесінде өзіне деген сенімі төмендеп, мазасыздануы жоғарылайды.
Н-қысым көру (отбасындағы қарым -қатынас барысында ішкі кернеуінің жоғарылау) шкаласы бойынша келесі тапсырмаларға берілген «иә» жауап санымен бағаланады: 3,6,9,12,15,18,21. Зерттелінуші отбасындағы өзінің міндеттерін орындауға қиналып, ол міндеттерді орындауды үлкендердің көрсеткен зәбірі деп түсінеді.
Қайсы шкала бойынша бес сұраққа «иә» деп жауап сол шкала бойынша
жағдайы болмай жүргені анықталады. Соңынан барлық шкалалар бойынша жинаған баллдарды бір-бірін салыстырып, отбасында қай шкала бойынша психологиялық теріс әсер ететін фактор басым екенін анықтауға болады.
3. «Отбасылық социограмма» тесті.
Мақсаты:зерттеушінің отбасындағы қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері мен тұлғааралық қатынастағы оның хал-ахуалын тікелей және жанама т. рде «қазір және осы жерде» анықтау.
Орындау ережесі. Бұл әдіс суретті талдау әдістемелерге жатады. Зерттеушілерге жауап жазылатын іс-қағазы беріледі. Ол парақта диаметрі 110 мм шеңбер сызылған. Тестті орындау барысы түсіндіріледі. Таратылған парақта салынған шеңбердің ішіне алдымен өзін кішірек шеібер ретінде түсіріп,оның ішіне «Мен» деп жазу керек. Соннан сон отбасы мүшелерінің әрқайсысы шеіберлермен белгілеп шығып,ол шеңберлердің әрқайсысы кімді білетінін анықтау үшін олардың ішіне отбасы мүшелерінің аттарын немесе аттарының бас әріптерін жазып қойю тапсырылады. Олар тапсырманы орындағанда бір-бірімен кеңеспеген іс-қағазды жеке дара

Страницы: <<  <  12 | 13 | 14 | 15 | 16  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: