АТА-АНАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
Жусупбаева Айжан Базарбаевна
ІІ санатты тәрбиеші
Екібастұз қаласы 23 "Балауса"
мектепке дейінгі гимназиясы
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып, бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір тәрбиеші ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгінгі де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.
Тәрбие - отбасынан басталады.
Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасынада дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысыты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сондықтан балабақшаның, тәрбиешінің ата-аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде "Ата-аналарды тәрбиелеу" деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді.
Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілетін зерттеу жұмыстары нәтижесінде - ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан олар тәрбиешілердің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді.
Олардың ұйымдастырылуындағы ақыл-кеңестерін тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбас
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>