Ата-аналармен жұмыс

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Баланы еңбекке баулудағы ата-ананың біліктігі.
Бала тәрбиесінің алғашқы кірпішінің қалануы мектепке дейінгі кезең. Бала тәрбиесінің алтын бесігі- отбасы. Бұл шағын әлеуметтік топ-бала үшін өмір мектебі. Ата-ана- баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Жастайынан еңбекке баулитын, сөзімен де, нақты ісімен де өмірді үйрететін ата-аналар бар. Қай ата-ана болмасын өзінің баласының еліне елеулі, халқына қалаулы саналы азамат болып өсуін тілейді. Балалардың болашағы ата-ананың сіңірген еңбегіне,тәлім-тәрбиесіне байланысты болады. Сондықтан әрбір ата-ана өзінің баласын еңбекқор, елінің қамқоршы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу сәби шақтан бастап, еңбекке қажеттіліктің алғашқы шарттын қалыптастыру. Бүгінгі таңда ата-аналардың еңбек тәрбиесі бойынша тәрбиелік білімдерін жетілдіруде ең негізгі - балабақша. Балабақшадан бастап белгілі бағдарлама, негізіне сүйене жүзеге асыра отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту-тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педпгогикалық көмек беру мақсат етеді. Еңбек тақырыбы балаға күннің әр уақытында беріледі. Ол ойын түрде жүргізіледі. Жас кезден бала еңбек ете бастаса, еңбектін маңызын, құңын біле бастайды. Тәрбиешілер ата-аналарға ертеңгілік және кешкі мезгілде сұрақ қою нұсқау беру арқылы өз балаларын еңбекке баулу туралы ақыл-кеңес айтып ойлауына мүмкіндік туғызады. Еңбек тәрбиесі бойынша ата-аналармен жүргізілген әдістемелік жұмыстардан кейін, отбасы мен балабақша арасындағы байланысын үнемі үйлестіріп отыру үшін
"Еңбек түбі сары алтын" атты сайын ұсынамын.
Зал түрлі-түсті ленталармен, шарлармен безендірілген.



Сайыс тақырыбы: "Еңбек түбі сары алтын"
Сабақтын мақсаты: Ата-аналардың баланы еңбекке баулудағы білімдері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: