н жетілдіріп, қызығушылығын арттыру, балалардың еңбекке деген ынта-ықыласын дамыту.
Тәрбиеші:Қайырлы күн балалар, ата-аналар, әріптестер!
Бүгін біз сіздермен яғни, қадырменді ата-аналармен балалар арасында қызықты сайыс өткізгелі отырмыз.
Тәрбиеші: Сазды музыка әуен ырғағының сүйемелдеуімен "Еңбек түбі сары алтын" атты сайысына қатысатын ата-аналар мен олардың балаларын қошеметпен ортаға шақырады. Олар алдымен қоржыннан жеребелік кезектегі номірін алған соң әр отбасы дайындаған орындарға барып жағасып отырады.
Сайыстын мақсатымен, әділ қазылар алқасымен таныстырады.
Бірінші кезен: "Сәлем беріп,отбасын таныстыру" Сайыстын бірінші бөлімі бойынша әр отбасынан бір адам үйі-іші мен көпшілікке таныстырып, отбасының ерекшелігіне тоқталып, тәрбие мен мәдениетінің ұстанымын жарнамалайды.
Қазалар алқасы бірінші сайысты бағалайды.
Екінші кезен: "мақал-мәтелдер" ата-аналар балалардың отбасындағы еңбектерін баяндай отырып, баланың шамасына мүмкіндігіне қарай еңбек түрін беру керек деген пікірлерін айтады.
Кезек балалардың еңбек туралы мақал-мәтелдер жарысы жалғастырады.
1. Еріншектің ертеңі бітпес.
2. Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
3. Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.
4. Еңбексіз өмір - сөнген көмір.
5. Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
6. Ердің атын еңбек шығарады.
7. Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
8. Бақыт кілті еңбекте.
9. Көп еңбегі көңілді.
10. Еңбек - ширатады,
Өмір сүйретеді.
Үшінші кезен: "Шебер қол өнері" балалар ата-аналармен бірге отырып, еңбектің бір түрін көрсетеді.
1. Сабина анасымен құрақ құрайды.
2. Даулет әкесімен бірге ағаштан орындық жасайды.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>