Ата-аналар жиналысы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

Патриот ұлдарды шығарды бірнеше рет.
Ине, жіп, биссерменен гүл тоқытып,
Қыздарды да өнерге икемдеген - Гумар Магазович!

Жүргізуші:
Бала - шаға отбасымен бақытты,
Күнделікті шәкірттерге асықты.
Тарих пен өлкетану мұғалімі
Іскерлікпен ісін алға тасытты - Мэлс Қожасович

Жүргізуші:
Еңбегіңіз бар елеулі ауданда да
Әр сөзіңді қалт жібермес барша бала,
Салауаттан насихат үлгі болған.
Сыйлайды ұстазын шәкірттер де - Замир Сырымович

ФОН

Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымызға төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болайық!
Тлеков М. Ж. - мектеп директоры
Наурзов М. К. - география пәні мұғалімі
Амирханова С. У. - бастауыш сынып мұғалімі
Максутова Н. М. - физика пәні мұғалімі
Хажиева Р. А. - орыс тілі пәні мұғалімі



Жүргізуші:
Енді байқауға қатысушылар қазір өздерінің реттік нөмірлерін таңдайды. Ондағы сан ретін атайсыздар. Сол сіздердің реттік нөмірлеріңіз болады. Реттік нөмірлеріңізді алған соң, орынға барып жайғасуыңызды сұраймыз.

Музыкалық номер

Жүргізуші:
Талпынған бала, талпынған құстай,
Құмары қанбас, аспанға ұшпай", - деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.
Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім нәрін беруші - ҰСТАЗ.

Жүргізуші:
Сайысымыздың 1- бөлімде қатысушы ұстаздар панорамалық сабақ көрсетулері керек.
Бірінші нөмерлі сайыскерді ортаға шақырамыз.
10 минутта сабағын беріп шығады.
Екінші нөмерлі сайыскерді ортаға шақырамыз
10 минутта сабағын беріп шығады.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: