Музыкалық номер
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар!
Жүргізуші:
Қайырлы күн, бүгінгі сайысымызға қатысушы ұстаздар!
Құрметті мектебіміздің ер ұстаздары, сіздерді 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілейміз.
ФОН
Жүргізуші:
құттықтау үшін сөз мектеп директоры М. Ж. Тлековке беріледі.
ФОН
Жүргізуші:
Ұстаз. . . ! Ынталылық пен табандылықты жақтаушы, жақынға да, жатқа да әділ, жақсылық пен ізгілік көрсетуші. . . Ұстаз. . . ! Жасқану мен қорқынышты білмейтін батыл, ержүрек жан
Жүргізуші:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын іске асыру аясында және Отан қорғаушылар күніне орай өткелі тұрған "Біздің ағай тамаша!" байқауына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады.
1-кезең - "Панорамалық сабақ"
Панорамалық сабақ - педагогтің сабақтар жүйесіндегі тәжірибесінің негізгі бөлігі, сабақтың бөлімдерін таныстыру (оқытудың әдіс- тәсілдері, оқу үдерісін ұйымдастырудың формалары және т. б. ). Панорамалық сабақтың ұзақтығы 10 минутқа дейін. Ұпай саны max - 15 балл.
Бағалау критерийлері:
негізгі тәжірибесінен құралатын ойтүйінін толық және көрнекі түрде көрсету - 5 ұпай
ұсынылатын тәжірибе жұмысы қазіргі сабаққа қойылатын барлық талапқа сай келеді - 5 ұпай
автор өзінің тәжірибесін теориялық түрде дәлелдеуі, сабақ үзінділерін (фото, видео) көрсетуі - 5 ұпай
Жүргізуші:
2-кезең "Жігітке жеті өнер де аз" деп аталады.
Қатысушылар өзі қалаған өнер түрін ұсынады (ән айту, би билеу, қолөнер және т. б. ). Ұпай саны max - 10 балл.
Жүргізуші:
3-ке
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>