Асық ойынының денсаулыққа әсері

Страницы: 1 | 2  >  >>

Асық ойынының денсаулыққа әсері
Қай заманда болсын адамзаттың басты міндеттерінің бірі-ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш дені сау ұрпақ тәрбиелеу екені мәлім.
Әр халық ұрпағының қайырымды ды адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұяты мол, кішіпейіл болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің талай ғасырлар бойы жасап, әріден келе жатқан әдет-ғұрыпына, салт-дәстүріне арқа сүйейді.
Сол дәстүрлердің қатарында қазақтың ұлттық және спорттық ойындары да бар. Мысалы, күні бүгінге дейін мәнісін жоймаған асық ойыны.
«Асық» ойыны балалардың дене тұрқының өсуінде, көзінің өткірлігін дамытуда, көз қимылын жетілдіріп, бұлшық еттерінің ширап, қызметінің күшеюінде маңызы зор. Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Алдымен асықтарды бір қатарға тізеді. Негізгі тапсырма, сол қатарда тізіліп тұрған бір немесе бірнеше асықты ату. Әр ойыншының өзінің «сақа» деп аталатын асығы болады. Әдетте сақа асығы деп асықтардың ішіндегі ең үлкенін пайдаланады. Кейде оның ішіне қорғасын құйып, салмағын ауырлатады.
Бала өз денесінің кеңістіктегі алатын орнын анықтап, көз қимылы мен дене қимылын үйлестіру, ойша байланыс орнату арқылы логикалық яғни шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді. Асық ойынының балалардың бойында бүкіл психикалық процестерінің ойлау, қиялдау, сөйлеу, қабылдау т. б. қабілеттерінің дамыуында маңызы зор.
Сондай-ақ балаларды оыйн ережесіне бағынып, тәртіптілікке баулап, олардың бойында жолдастық, жанашырлық сезімдерін оятады.
«Асық» ойыны арқылы балалардың денесі шынығып қана қоймай, олардың арифметикалық санау дағдыларыда қалыптасады.
Баланың нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: