.
N
тетіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Үнемі отырып – тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу, жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ – қолдағы буын ауруларының алдын алады.
Асық ату ойынының Олимпиадалық ойындар бағдарламасының қатарына енбейтіні өкінішті. Аталмыш спортқа тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, өзге елде де қызығатындар баршылық. Бұл ойын адамның күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілік мінезін қалыптастырады.
Кезінде қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы «Асық – үлкен халықтық тәрбие. Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы» – деп өз бағасын берген болатын. Бүгінде этнографтар мен мәдениеттанушылар аталмыш ойынның негізін феноменін зерттеу үстінде.
Мысалы, этнограф ғалым Бекет Қарашинның айтуынша, асық ойынының негізінде тылсым символдар мен кодтар, шартты белгілер жатыр. Егер сол белгілерді тауып-біліп жатсақ, біз өзіміздің қоғам бен салт-дәстүріміздің тархиы жайлы небір қызықты мәліметтерге қанық болар едік. Айтпақшы, Тутанхамон мәйітханасынан археологтар тапқан асықтың өзі әлі күнге дейін жұмбақ күйде қалып отыр.
Өкінішке қарай, қазір асық ойыны ұмытыла бастады. Көптеген түрлері ұмытылып, мүлде ойналмайды.
Компьютердің алдында қимылсыз отырғаннан гөрі бір мезгіл асық ойнап бес саусағын шынықтырып, денесін қимылдатқан қай балаға болса да пайдалы екені даусыз. Сондықтан асық ойнап ұлттық ойынымыздың дамуына үлес қоса отырып денсаулығымызды нығайтайық.
Автор: Қизат Саят Қизатұлы Павлодар қаласының 1 ЖОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Страницы: << < 1 | 2