Астық тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары

Страницы: <<  <  62 | 63 | 64 | 65 | 66  >  >>

йімділігі, ортаның қолайсыз әсерлеріне төзімділігі арта түседі. Осы арқылы жыныстық көбею түрлерінен ерекшеленеді. Өсімдіктерді жіктеу. Адам ерте кезден – ақ өсімдіктердің жемістерін, тамырларын күнделікті тұрмысында пайдаланды. Сондықтан өсімдік түрлерін ажырату үшін оларға ат қою қажеттігі туды. Қазір жер бетінде 500 мыңдай, Қазақстанда 5600 - дей өсімдік түрі бар. Олар туыстық белгілеріне сәйкес топтастырылып, жүйеленген. Жер бетіндегі өсімдіктер алуан түрлі. Оларды нақты білу үшін, бірін - бірі ұқсас өсімдіктерді топтарға бөліп қарастырады. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін – туысқа, ұқсас туыстарды - тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды - қатарға, қатарларды - класқа, кластарды бөлімге біріктіреді. Жүйелеу бойынша әрбір топқа жататын өсімдіктердің арғы тегі бір. Мысалы, бір бөлімге, бір класқа жататын өсімдіктер бір тектен дамыған. Түрлер, туыстар және басқа да топтар ұзақ жылдар бойы әр түрлі сыртқы ортаға бейімделудің, басқа өсімдіктермен бірігіп өсудің нәтижесінде бірте - бірте пайда болды. Жүйенің ең кіші бірлігі – түр. Түр туралы ұғым олардың біріне - бірінің ұқсас болуына және өзара будандасып, өздеріне ұқсас ұрпақ бере алатындығына байланысты қалыптасқан. Түрді анықтау кезінде көптеген жағдайлар ескеріледі.
Олар: 1. Барлық белгілерінің ұқсас болуы;
2. Экологиялық жағдайының ұқсас болуы;
3. Таралу аймағының ортақ болуы.
Өсімдік түрлерін ажырату үшін оларды жүйелейді. Жүйелеудің ең жоғары сатысы — дүние. Жүйелеудің қысқаша мынадай сызба нұсқамен түсінуге болады:
дүние --- бөлім --- класс --- қатар --- тұқымдас --- туыс --- түр.
Сабақты қорытындылау
Семантикалық карта толтыру
---- Ашық тұқым - Жабық тұқым Дара жарнақ Қос жарнақ
Арша
Алма
Інжугүл
Асқабақ
Қияр
Помидор
Шырша
Картоп
Раушангүл
Венн диа

Страницы: <<  <  62 | 63 | 64 | 65 | 66  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: