Астық тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары

Страницы: <<  <  61 | 62 | 63 | 64 | 65  >  >>

нді біз төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің дүние тармағын қарастырамыз. Өсімдіктерге тән ортақ белгілер: Барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер зат алмасу, қоректену, тыныс алу, көбею, тітіркену үрдістеріне қатынасады. Өсімдіктер жасушалардан тұрады. Өсімдіктердің көпшілігінде түзуші, жабын, тірек, фотосинтездеуші, қор жинаушы, өткізгіш, бөліп шығарушы ұлпалар болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің сабағы, жапырағы, тамыры бар. Өсімдіктердің тіршілігінің соңына дейін үздіксіз өсе береді. Өсімдіктер өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді. Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз – жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті. Өсімді көбею дегеніміз - денеден тіршілік ете алатын бөліктердің бөлінуі арқылы түрдің жеке санының артуы. Жыныссыз көбею - споралар немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Споралардың талшығы болмайды. Спора түзілетін қалта төменгі сатыдағы дамыған өсімдіктерде (балдырларда)- бір жасушадан, жоғары сатыдағы сабақты – жапырақты өсімдіктерде көп жасушадан түзіледі. Зооспора(грекше зоон - жануар, спорос - сеппе, екпе) қозғалғыш споралар деген мағынаны білдіреді. Олардың ерекше қозғалысқа келтіретін талшықтары болады. Зооспоралар арқылы көбею - суда, ылғалы мол топырақта өсетін балдырларға тән қасиет. Споралар мен зооспоралар аналық өсімдіктен бөлінген соң қолайлы ортаға түссе, олардан жас өсімдік пайда болады. Мұны жыныссыз көбею деп атайды. Жыныссыз көбею кезінде ағзаның қалыптасқан белгілі пішіні бар бөлігінен аналық өсімдік пайда болады. Жынысты көбею кезінде қасиеттері жағынан айырмасы бар гаметалар (жыныстық жасушалар) қосылып зигота пайда болады. Гаметалардың қосылуынан ұрықтану үдерісі жүріп, гаметалардың цитоплазмасы мен ядросы қосылады. Пайда болған жас ұрпақтың тіршілікке бе

Страницы: <<  <  61 | 62 | 63 | 64 | 65  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: