ыр бөлімдері
Сабақтың мақсаты: тамыр бөлімдерінің құрылысын, алып жатқан орнын, маңызын таныстыру және әр бөліктің атқаратын қызметіне толық тоқталу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – тамыр бөлімдерінің құрылысын және өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Тәрбиелілігі – оқушылардың ғылыми дүниетанымын байытып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер
Сабақтың типі: құрастырылған
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілей отырып, сабаққа дайындығын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Мүше дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай мүшелер болады? Неліктен вегетативті мүшелер дейді? Вегетативті мүшелерді атаңдар. Вегетативті мүшелер өсімдіктерге не үшін қажет?
Тамырдың қызметін атаңдар. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді, олар қайдан пайда болады? Негізгі, жанама, қосалқы тамырлардың жиынтығы нені құрайды? Олардың айырмашылығы және қандай өсімдіктерде болады?
Қоректік заттарды қорға жинайтын тамырларды атаңдар. Жанама тамырлардың қызметі. Тамыр жүйесі дегенді қалай түсінесіңдер, анықтамасын айтыңдар. Шашақ тамыр жүйесі деп неліктен аталған, шашақ тамырлы өсімдіктер мен кіндік тамырлы өсімдіктерге мысал келтіріңдер.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
Өсімдіктің вегетативті мүшесі – тамырдың құрылысы
Оның атқаратын қызметтері
Тамыр бөлімдері ұзындығы мен қызметіне қарай тамыр оймақшасы, бөліну, созылу (өсу), сору, өткізгіш аймақтары деп бөлінеді. Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы түзуші ұлпалардан құралған өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабығындағы жасушалары сыртқы кедергіле
Страницы: << < 21 | 22 | 23 | 24 | 25 > >>