рқылы қозғалысы олардың сору күші айырмашылығына байланысты, яғни соруы аз жасушалардан соруы күшті клеткаларға жүреді.
Тамыр қысымы – бұл барлық тамыр түктерінің сору күші.
Жапырақтардың сору күші – бұл су молекулаларының және тамыр қабырғаларының арасындағы іліну күші.
Тамырдың өсуі. Тамырлар өсімдіктер түрлеріне байланысты жылдың әр мезгілінде әрқалай өседі. Көктемде тамыр қарқынды өседі. Тамырлар өсу кезінде қоректік заттар мен суды бірқалыпты толық пайдаланады. Тамыр ұшынан төменге қарай өседі. Осында өсу қозғалысын біржақты әрекет тітіркендіргіштігі (ауырлық күші, жарық) болатын жағдайда тропизм д. а. Негізгі тамыр үшін оң геотропизм (жер тартылысының әсерінен бір жақты өсу) тән. Ірі жанама тамырлар жер бетінен қатар өседі, ал ұсақ тамырларда геотропизм болмайды.
ІV. Бекіту.
р/сТамыр бөлімдеріАтқаратын қызметі
Тамыр оймақшасыТүрлі кедергілерден қорғайды.
1Бөліну аймағыАтқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабытындаға клеткалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабатынан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалаптасуына себеп болады.
2Өсу аймағыЖас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарады. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы аймақта түзіле бастайды.
3Сору аймағыӨсу аймағынан кейін орналасқан қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қыптап жатқан жұқа өң қабықшысының жасушаларының созылуынан пайда болады. Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, суды және онда еріген минералды тұздарды сорады. Өсіп келе жатқан жас т
Страницы: << < 23 | 24 | 25 | 26 | 27 > >>