Астық тұқымдастары. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары

Страницы: <<  <  19 | 20 | 21 | 22 | 23  >  >>

ан негізгі тамыры бар, оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер: сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ, т. б. (қос жарнақты өсімдіктердің барлығында болады). Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі, көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, жүгері, күріш, тары, сұлы, пияз, барлық пиязшықты өсімдіктер) болады.
ІV. Бекіту.
Тамыр - өсімдіктің бірліктік, вегетативтік мүшесі, шектеусіз жоғары өсуі, оң геотропизмдік қасиеті бар, құрылысы радиалды және ешқашан да жапырағы болмайды.
Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.
Тамырды жіктеу.
Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан-жағына жанама тамырлар тарайды (мысалы, асбұршақ, асқабақ, қауын, жоңышқа, сәбіз, аскөк, т. б. ).
Шашақ тамыр жүйесіне негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т. б.
Аралас тамырлар жүйесінде анық көрінетін негізгі, сонымен қатар қосымша тамырлар да болады (қызан, капуста).
Тамырдың қызметтері
Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді;
Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады;
Әр түрлі органикалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар, т. б. ) синтездейді.
Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды;
Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі;
Вегетативтік көбеюге қатысады.
Үй тапсырмасы

Страницы: <<  <  19 | 20 | 21 | 22 | 23  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: